Антиперспирант көмектеспеген жағдайда тер иісінен құтылу үшін
|
Тер иісінен құтылу үшін мамандар дезодарант, антиперспиранттар ойлап тапты. Алайда олар да барлық адамға бірдей көмектеспейді. Ондай жағдайда халық медицинасының көмегіне жүгіну керек.
Сода ерітіндісі
2 шай қасық соданы бір стақан жылы суда ерітіңіз. Суға түскен соң ерітіндімен қолтық астын сүрту керек.
Сонымен қатар соданың өзін де пайдалануға болады. Ол үшін душтан кейін құрғаған соң, қолтық астына соданы жағып, уқалау керек.
Апельсин
Апельсин – тер иісінен тез құтылуға көмектесетін құралдың бірі. Апельсиннің бірнеше тамшысын саусақпен таза қолтыққа жағып шығыңыз.
Шай саңырауқұлағының тұнбасы
Шай саңыруқұлағы табиғи дезодарант саналады. 2-3 ас қасық шай саңырауқұлағының тұнбасын 1 литр қайнаған суға салып, араластырыңыз. Душқа түсіп шыққан сайын денені осы тұнбамен шайыңыз. Шай саңырауқұлағының тұнбасы сабын қалдықтарын кетіріп, жағымсыз иіс шығуының алдын алады.
Сонымен қатар бұл тұнба аяқтың тершеңдігін де емдей алады. Ол үшін бір айлық тұнбамен аяқты таңертең және кешке жуу керек.
Май қоспасы
1 ас қасық сәлбен, қарағай және эвкалипт майларын араластырыңыз. Дайын қоспаны кішігірім бөтелкеге құйып, суға 3-4 тамшысын қосып, жуыныңыз.
Түймедақ
3 ас қасық түймедақ жапырақтарын 1 литр қайнаған суға қосып, 1 сағаттай жабық ыдыста тұндырыңыз. Оған 1 ас қасық ас содасын қосып, тершең жерлерді сүртіп шығыңыз.
Асқабақ
3 ас қасық шикі асқабақ езбесі, 1 ас қасық қант, 2 ас қасық өсімдік майы мен ванилинді араластырып, қоспа дайындаңыз. Аяққа уқалап жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
Лимон
Аяқтың тершеңдігінен құтылу үшін ұйықтар алдында лимон шырынымен жуынуға болады.
Дайындаған: Фариза Абилова