Антибиотикке төзімді бактерияның жасуша құрылымы өзгереді
Антибиотикке төзімді бактерияның жасуша құрылымы өзгереді
3 жыл бұрын 3055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осаки университетінің ғалымдары машиналық оқу технологиясының көмегімен дәрі-дәрмекке бой  бермейтін бактериялардың жаңа пішінге енетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы frontiersin.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар микрорганизмдердің сыртқы және ішкі құрылымын қамтитын трансформацияны (өзгерісті, түрленуді) бактерияның антибиотикке қарсы тұруына әсері барын немесе жоғын анықтау үшін зерттеп көрген екен. Бұл тарапта жарық шашатын электронды микроскопияны пайдалана отырып, аса ірі планда дәріге сезімтал әрі төзімді бактерияларды таспаға тартып алды. Содан соң дәріге төзімділікпен тығыз байланысты белгілерді анықтау үшін терең оқу  әдісін қолданды. Аталмыш зертеуге атсалысқан Кунихико Нишино есімді ғалымның айтуынша, эноксацин деп аталатын антибиотикке төзімді бактерияларды дәріге сезімтал штамммен салыстырғанда жасуша пішінінде, сыртқы мембрана құрылымында, периплазмалық кеңістікте, түйіршіктердің құрамында және орналасуында айырмашылықтар барын көрсеткен. Құрылымдағы өзгерістер сыртқы мембрананың негізгі құрылымдық компоненттерін кодтайтын lpp геніндегі мутациямен де тығыз байланысты болып шықты. Осылайша бактериялардың дәріге төзімділігін қалыптастыруы барысында өзінің құрылымын өзгертетіні белгілі болды. Жапон ғалымдарының бұл бағыттағы осы заманғы озық технология көмегімен визуалдау тәсілін дәрі-дәрмекке негізделген скринингті қажет етпей, бактериялық пішіннің өзгеруіне негізделген дәріге төзімділікті автоматты түрде болжауға болатын технологияны жасау үшін пайдаланылуы мүмкін

0 пікір
Мұрағат