Антибиотик ішкенде қандай азықтарды тұтынбау керек
Антибиотик ішкенде қандай азықтарды тұтынбау керек
4 жыл бұрын 2386

Маманның айтуынша, антибиотиктерді қабылдау кезінде банан тәрізді тәтті жемістерді жеуге болмайды. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Халықаралық эндокринолог Зухра Павлова антибиотик қабылдау кезінде рационға қоспау қажет тағамдарды атады.

Оның ішінде бауырды қажетсіз жүктемеден арылту үшін ауыр қорытылатын тағамдарды жемеген жөн. Мұндай тағамға майлы, қуырылған, тұздалған және маринадталған тағамдар, шұжықтар, ысталған ет, майонез және басқа да тұздықтар, сондай-ақ, табиғи жеміс-жидек шырындары жатады.

Сондай-ақ пияз мен сарымсақтан гөрі құрамында метионин аминқышқылы бар тағамдарды жеуге кеңес берді. Олар бауырдың қайта қалпына келуі үшін пайдалы. Мұндай өнімдерге қызыл уылдырық, скумбрия, минтай балығы, шортан және басқа да балықтар, соя және жасымық, жаңғақ, тауық, күркетауық еті, ірімшік, жұмыртқа, сиыр және қой еті, сүзбе жатады.

0 пікір
Мұрағат