Америкалық компания метанды тыңайтқышқа айналдыратын болады
Америкалық компания метанды тыңайтқышқа айналдыратын болады
9 ай бұрын 797 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Christophe Gateau / DPA / Globallookpress.com

Америкалық Windfall Bio стартапы метанды тыңайтқышқа айналдыру жобасын әзірлеу үшін 28 миллион доллар жинады. Бұл туралы islam.kz порталы  ESGtoday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Метан негізінде отын өндіру, көмір өндіру, мал шаруашшылығынан және полигондағы қоқыстан бөлінеді. Аталмыш газ көмірқышқыл газына қарағанда жаһандық жылынуға көбірек ықпал етеді. Windfall Bio стартапы қауіпті газды өңдеу үшін метанотропты бактерияларды пайдаланады. Олар топырақта тіршілік етеді және метан мен азотпен «қоректеніп», оларды тыңайтқыштарға синтездей алады. Компанияның бұл жобасы өз кезегінде ауыл аруашылығында, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, қалдықтарды өңдеуде және басқа салаларда қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, тыңайтқыш алудың баламалы әдісін қолдану арқылы шаруашылығының пайдасын арттырады. Windfall Bio негізін қалаушы және бас директор Жош Силберман атмосфераны метанмен ластануымен күресуді жаһандық жылыну қарқынын тежеу жолындағы маңызды қадам, деп атады.

0 пікір
Мұрағат