Алтын бөлетін өсімдік табылды
Алтын бөлетін өсімдік табылды
5 жыл бұрын 2757 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алтынның қымбат болатын себебін адамдар біледі. Табиғатта сирек кездеседі, яғни, қоры аз, сонымен қатар, физикалық қасиеті бөлек металл. Оның қымбат болуына тағы себеп бар: өндірілуі қиын. 5 миллиграмм алтын алу үшін 1 тоннадай жер қыртысын, былайша айтқанда, топырақты өңдеу керек. Таяуда Австралияның батысынан ғалымдар алтын бөлетін саңырауқұлақ тапты. Түсінікті тілмен айтқанда, өсімдіктің бұл түрі қоршаған ортадан алтынды өзіне сіңіріп алады да оны таза алтынға айналдырады. Яғни, күлдей ұсақ алтын тозаңдарын жинап, сыртына шоғырландырады. Ал да пайдалана бер. Табаныңнан таусылып, жер қопарып, іздемейсің, өңдеп жатпайсың. Дайын күйінде береді. Алтын саңырауқұлақ біз көріп жүргендей әдеттегі саңырауқұлақтарға ұқсамайды. Пішімі жағынан. Біз көріп жүрген «шляпа-аяқ» емес, микроскопиялық пландағы саңырауқұлақ. Яғни, көбікке ұқсайды бірыңғайда. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Nature Communications мерзімді басылымында жарияланған Австралияның мемелекеттік ғылыми және қолданбалы зерттеу бірлестігінің (CSIRO) Майк Веролл (Mike Verrall) бастаған ғалымдары тапқан Fusarium oxysporum саңырауқұлағын болашақта алтын кен орнын іздеуде пайдаланады. Олай дейтініміз, алтынның қай жерде мол кездесетінін көрсетіп беретін өсімдік. Бұдан бөлек, алтынды жинау технологиясын осы өсімдіктің ерекшелігіне қарап жасауы да мүмкін. Бұл саңырауқұлақ алтын жамылған сайын тез әрі ірі болып өседі. Соған қарағанда нанобөлшектер олардың зат алмасу процесін жақсартуы мүмкін. Бұл жағын алдағы уақытта ғалымдар анықтай жатады. Fusarium oxysporum микроскопиялық саңырауқұлақ сутегінің жоғары реактивті пероксидтік молекуласын бөле отырып, өз кезегінде ол қышқылданып, ионға айналады да таза алтын кешенін қалыптастырады.

0 пікір
Мұрағат