Альцгеймерді емдеудің күтпеген тәсілі табылды
|
Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары анықтағандай, күкіртті сутек мидағы қартая бастаған жасушаларды Альцгеймер ауруынан қорғайтын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы platon.asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бинда Пол есімді нейробиологтың айтуынша, жаңа дерек жасуша ішіндегі сутегі сульфидін және газ тәрізді басқа да молекулаларды пайдалана отырып, қартаюды, нейродегенерацияны және жасуша сигналдарын тығыз байланыстыратын болады. Адам организімі табиғи жолмен аталған газдың аз мөлшерін істеп шығарады, бұл процесс өз кезегінде оның қызметін айқындайды – жасушадағы метаболизмнан (зат алмасу) бастап, қан тамырларының кеңеюіне дейінгі. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, газдар ми үшін маңызы зор жасушаның негізгі делдал молекулалары рөлін атқарады. Ал күкіртті сутек күйінде химиялық сульфгидратация деп аталатын процестің (бұл процесс күкіртті сутектің белсенділіні қалыптастырады) көмегімен ақуыздарды түрлендіреді. Аталған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мидағы сульфгидратация деңгейі жас ұлғайған сайын төмендей береді, ал Альцгеймер дертіне шалдыққан науқастың бойында бұл тенденция тіпті күшейеді.
(ықшамдалып алынды)