Алматылық ғалымдар тері аурулары мен зеңге қарсы дәрі ойлап тапты
|
Алматыда тұңғыш рет мамандар фармацевтика саласында шетелдіктердің өніміне дес бермейтін тері ауруларына және зеңге қарсы отандық дәрі ойлап тапты. Сапасы жоғары, ал бағасы арзан. Тек сатылымға келесі жылдан бастап түседі. Биологтар мен вирусологтардың жаңалықтары баршылық. Соңғы 5 жылдың көлемінде жаңа вакциналар мен ауыл шаруашылығына қажетті топырақтың құнарын жақсартатын және дақылдардың өнімділігін арттыратын жаңа препараттар қолданысқа енген.
Бұл мекемеде өнеркәсіптік микробиология, экология және биотехнология саласындағы жаңа инновациялық идеялар мен жоспарлар іске асуда. Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығына арналған жаңа микробтық био дәрілер, қоршаған ортаны ластайтын мұнай қалдықтарының зардаптарын жоятын препараттар осында ойлап табылған. Биологиялық тыңайтқыштар қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында кең сұранысқа ие. Оның арқасында өсімдіктердің өнімділігі ғана артып қоймай, топырақ табиғи таза азот тыңайтқышпен толығатын көрінеді. Алматыдағы зауыт бүгінде Қазақстанның 9 облысында орналасқан шаруа қожалықтары егістіктерінің қажеттілігін жойған.
"Ауыл шаруашылығында қазір егіндер бар. Күріш өндіріп жатыр. Бидай, арпа, жүгері бәрін өндіріп жатыр. Аурулар көп болып жатыр. Жоңышқа өндіріліп жатыр. Олардың аурулары бар. Ол аурулардан сақтау үшін олармен күресу керек. Оның барлығы былайша айтқан кезде өзіңіз білесіз қымбат. Ал, енді "Қазақстанда жасалған" дегендердің шикізаты шетелден келеді де, мына жерге келіп, олар фасовка жасайды. Өзіміз ойлап тауып, шикізатын өзіміз шығарып, өзіміз сол технологиясымен шығарып, Қазақстанда шығарып жатсақ, әрине оның бағасы арзан",- деді ҚР БҒМ ҒК Микробиология және вирусология институтының бас директоры Аманкелді САДАНОВ.
Микробиология және вирусология институты ғалымдарының тың жаңалықтарының бірі - тері аурулары мен вирусқа қарсы кең ауқымдағы жаңа отандық дәрі. Ол анбиотиктің бір түрі. Тиімділігі клиникалық тұрғыда дәлелденген. Түрлі тері ауруларына шалдыққан 400-ге жуық жан құлан таза айығып шыққан. Институт жанынан ашылған зауытта өндірілген өнімнің бағасы импорт өнімдерден 3 есе арзан. Ал сапасы еш кем емес, - дейді ғалымдар. Алматыдағы өндіріс 1 минутта бұл жақпа майдың 50-60 данасын шығара алады. Осылайша, қазақстандық ғалымдар фармацевтика саласын отандық өніммен толық қамтамасыз етпек ниетте.
"1 тюбиктің бір сериясын жасауға бізде 1 апта кетеді. Толығымен бір апта уақыт. Қалай қоректік ортаға себеміз. Ол өседі. Одан кейін фирминтерге егеміз. Шетелдіктерде оның аналогтары бар. Біздің препарат отандық. Қазақстанда өзіміз ғана жасаймыз. Тиімділігі жағынан өте тиімді. Қолданады. Сұраныс болады деп ойлаймыз",- деді ҚР БҒМ ҒК Микробиология және вирусология институтының зертхана меңгерушісі Гүлнәр ҰЛТАНБЕКОВА.
Мынау құрылғыда вирусқа және зеңге қарсы ұнтақ негізі жақпа маймен араластыралады. Кейін арнайы толтыратын қондырғыда жақпа майға толтырылады. Қазіргі таңда отандық медициналық препарат тексеру деңгейінің 3-ші фазасынан өтуде. Осы уақыт көлемінде дәрі өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Ал, келесі жылдан бастап отандық өнім қолданысқа енеді.