Алжу ауруын тоқтататын тетік табылды
Алжу ауруын тоқтататын тетік табылды
9 күн бұрын 645 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ground Picture / Shutterstock / Fotodom

Бейлор медицина колледжінің ғалымдары Альцгеймер ауруының негізгі белгісі - мида қалыптасқан амилоидты түйірлерден тазартуға қабілетті табиғи тетікті анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Sox9 деп аталатын ақуыздың алжу ауруының дамуын баяулата алатын қабілеті турасында сөз болып отыр: аталмыш ақуыздың  белсенділігі астроциттерге - мидың қосалқы жасушаларына уытты шөгінділерді сіңіруге ықпал ететіні анықталып отыр. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында жадысы нашарлаған кеміргіш пайдаланылды. Sox9 ақуызының белсенділігі астроцитттердің мидағы зиянды шөгінділерді жоятын қызметін күшейткен. Керісінше Sox9 ақуызын бұғаттап көргенде кері әсерінн көрсеткен - залалды түйірлер көбейіп, ми қызметі төмендеген. Ғалымдар алжу ауруымен күресте тек амилоидты түйірлердің пайда болуына жол бермейтін қиын жолдарды қарастырғаннан бұрын табиғи жолмен миды тазалау процесін іске қосатын әдісті қолдануға көшпекші. Дегенмен науқас адамдарға бұл процедура қолданбастан бұрын бұл тарапта ауқымды зерттеулер жүргізіп, аталмыш тәсілдің адам денсаулығына кері әсерінің бар-жоғы тексеріледі.

0 пікір
Мұрағат