Әлемде тұңғыш рет шаранаға жасуша трансплантацияланды
|
Жапонияның бала денсаулығы мен дамуының ұлттық орталығы әлемде тұңғыш рет ұрықтың діңгекті жасушасынан алынған жасушаны балаға трансплантациялауды жүзеге асырғандарын жаһанға жар салып, жария етті. Бұл жайында орыс тіліндегі nippon.com порталы күншығыс елінің Jiji Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл, сондай-ақ, бауыры ауыратын пациентке жасалған, діңгекті жасушадан алынған жасушаны қондыру бойынша әлемдегі және Жапониядағы алғашқы ота. Аталмыш ұлттық институтыттың келтірген дерегіне қарағанда, туабітті қуығында ақау бар, дәлірегі, несепнәр қызметі бұзылған баланың бауыры аммиакты ыдырата алмайды. Өткен жылдың қазан айында аталған институтқа туғанына екі күннен соң ауырып түскен болатын. Туғанына алты күннен соң бауырға апаратын қан тамырларына діңгекті жасушадан алынған бауырдың 190 млн жасушасы енгізілді. Бес айдан соң нәресте емханадан жазылып шықты. Аталған института мұндай отаға кезегін күтіп жатқан тағы алты науқас бар. Болашақта мұндай әдіс бауырдың өзге де ауруларын емдеуде қолданылуы мүмкін.