Әлемде тұңғыш рет құтыруға қарсы тиімді дәрі жасалды
Әлемде тұңғыш рет құтыруға қарсы тиімді дәрі жасалды
1 жыл бұрын 1341 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұрын құтыру вирусын жұқтырған адамды емдеу мүмкін болмады әрі бұл аурудан адам аман қалмайтын. Құтыруға қарсы барлық ем-дом түрлері тиімсіз болды. Бұл жолғы зерттеуда ғалымдар құтыруға қарсы тиімді дәрі ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы з кезегінде EMBO дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында аталған вирусты жұқтырғаннан кейін бесінші күні F11 деп аталатын арнайы әзірленген моноклоналды антиденені енгізу арқылы құтыру белгілерін (симптомдарын) төмендетті және кеміргіштердің 67%-ның бойынан сауығу белгісі байқалған. Инфекциядан кейінгі жетінші күні (вирусты жұқтыру мерзімінің ұзаруына байланысты ем қонбайтын шекке жақын) бұл тәсіл 50%-ға дейін тиімділігін танытқан. Құтыру ауруын жұқтырған және емделмеген тышқандардың барлығы өлген. Бұл емдеу әдісінен де мидағы құтыру вирусы толық жойылмағанымен аурудан организмге қосымша салмақ түспеді, осы тәсіл қолданылған тышқандардың бойында вирус деңгейі төмен болды. Бұл аурудың алғашқы белгілеріне төмен температура, ауырсыну, шаншу жатады, сондай-ақ, тістелген жері отпен қарығандай күйде болады. Содан кейін вирус орталық жүйке жүйесі арқылы таралады. Инкубациялық кезең, яғни, инфекция мен симптомдардың пайда болуы арасындағы уақыт вирустық бөлшектердің концентрациясына (шоғырлану деңгейіне) байланысты бір аптадан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Орташа алғанда бұл кезең 2-3 айға созылады. Бұдан бөлек, құтыру белгілеріне шамадан тыс дене белсенділігі, қозу және судан қорқу (тітіркену, жиіркену, қолайсыз сезімнен арылмау) жатады. Содан соң науқастың тыныс алуы қиындап, жүрегі тоқтап қаза табады. Ал сал қылып тастайтын құтыруда бұлшақет (тістелген жерден бастап) жансызданып, адам ес-түссіз ұйқыға (комаға) кетеді әрі одан оянбайды. Екі аптадай комада жатып жантәсілім етпек.

0 пікір
Мұрағат