Әлемде алғашқы сұйық күйде болатын жады жасалды
Әлемде алғашқы сұйық күйде болатын жады жасалды
11 ай бұрын 1279 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Синхуа университетінің инженерлері әлемдегі жалғыз икемді, жедел жадты таныстырды. Ол «сұйық» Терминатор сияқты тұтқыр металдан тұрады. Жаңа өнім FlexRAM деп аталады. Бұл жайында islam.kz порталы tomshardware.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. FlexRAM сұйық галиден тұрады, ол классикалық транзисторларды алмастыра алатын материал ретінде белгілі. Жедел жады құрылғысының бір тамшысының өзі 8 байт деректі сақтай алады. Бұл көрсеткіш классикалық DRAM-мен салыстырғанда өте аз көрінеді. Сегіз FlexRAM жад ұяшығы ғалымдар Ecoflex деп атайтын материалда таратылады. Ол деформацияланған кезде құрылымын сақтайтын полимердің (пластиктің) ерекше түрі. Сұйық жедел жадтың екінші кемшілігі - тек 3500 қайта жазу цикліне арналған. Дегенмен, артықшылықтар да бар: FlexRAM өшірілген кезде ақпаратты жоғалтпай қатарынан 12 сағатқа дейін сақтауға қабілетті келеді. Сұйық жад әлі де бірқатар шектеулерге ие болғанымен ғалымдар бұл технологияның болашағы, зор деп санайды. Мәселен, икемді жедел жад құрылғысы шағын гаджеттерде, роботтарда, ақылды ми импланттарында және басқа да футуристік құрылғыларда жабдықталуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат