Әлемде алғаш рет ұйқы безінің қатерлі ісігінің емі табылды (алғаш рет науқас жазылды)
Әлемде алғаш рет ұйқы безінің қатерлі ісігінің емі табылды  (алғаш рет науқас жазылды)
1 жыл бұрын 1711 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аса қауіпті ауру емдеуге келді. Тың тәсіл арқылы. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұйқы безі обыры – онкологиялық аурулардың ең ауыр түрлерінің бірі, бұл дертке шалдыққан науқастың айығуы былай тұрсын, аман қалуы неғайбыл, яғни, түбінде өлімге әкеп соқтырады. Тіпті, аталмыш ауруды асқындырмай ерте анықтаған күннің өзінде науқас ары кетсе үш жыл ғана өмір сүре алады. Өйткені, ұйқы безінің қатерлі ісігінің емге көнбейтініне өзге обыр түрлерінен айрықшаланады. Атап айтқанда, ұйқы безін тығыз орналасқан тіндер қоршап тұр. Бұл тіндер өз кезегінде кедергі келтіреді. Дәлірегі, қатерлі ісік ұйқы безін организмнен оқшаулап, оттегін шектейді. Ал ғалымдардың ұйқы безінің обырын емдеудің тың тәсілі бұл кедергіні еңсере білді. Тірі организмдердің тұтынатын қоректері әр түрлі болып келеді. Ұйқы безінің обыры бір ғана қоректік заттан қуат алады, ол – глутамин (ақуыз). Ұйқы безінің қатерлі ісігі глутаминді қорек ету арқылы шапшаң өсіп, тез көбейеді. Ғалымдар осынау қоректік заттың жалған нұсқасын (глутаминге ұқсағанымен оның өзі емес) организмге енгізу арқылы қатерлі ісіктің бетін қайтара алды. Дәлірегі, бұл жалған қоректік зат 6-диазо-5-оксо-Л-норлеуцин (DON) деп аталады. Оны ұйқы безінің қатерлі ісігінен зардап шегетін тышқандарға енгізгенде, обырдың өсуі қарқыны баяулады әрі олардың таралуына жол бермеді. Дегенмен, қатерлі ісік айлаға көшіп, глутаминді алмаса, аспарагинге ауысады. Зерттеушілер DON-ды аспарагинді бұғақтайтын басқа дәрімен біріктіріп, қатерлі ісіктің маңызды қоректік заттарға қол жеткізу мүмкіндігін шектеп, обырды әлсіретудің жолын тапты. Аспарагинді ыдырататын, жасушаның өсуін тоқтататын, «L-аспарагиназа» деп аталатын дәрі бар. Зерттеушілер бұл дәріні DON-мен біріктірген кезде тиімді нәтижеге қол жеткізді. Бұл екі дәрі бірге қатерлі ісіктің дененің басқа бөліктеріне таралмауына көмектесті.

0 пікір
Мұрағат