Әлемде алғаш рет: қарындағы май қатпарын кетіретін укол пайда болды
Әлемде алғаш рет: қарындағы май қатпарын кетіретін укол пайда болды
4 ай бұрын 920 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тайуандық Caliway Pharmaceuticals фармацевтикалық компаниясы әлемде алғашқы май жасушаларын таңдап жоятын дәріні - CBL-514 иньекциясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Aesthetic Surgery Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дәрі өз кезегінде майды сылып тастау үшін ота жасау секілді әуресі көп әрі жанға бататын процедурадан құтқарады. Алғашқы сынағынан сәтті өткен дәрі екінші сынақ кезеңінен де өтсе халықаралық ақтық сатысына шығады. Бірегей дәрі апоптозды іске қосады - май жасушаларының жойылғанын бақылайды. Иньекция бір мәрте енгізіледі - тері асты майының көлемін азайтады. CBL-514 іріктеу принципі бойынша жұмыс істейді. Оны дененің май басқан аймағына енгізеді: іш, жамбас, қол. Молекула май тініне еніп, жасушалардың ішіндегі реакциялар каскадын іске қосады, нәтижесінде май жасушалары зақымдалады. Басқа әдістердегі сияқты тіндер ашықпайды. Дәрінің ішкі ағзаларға кері әсері жоқ, дәлірегі, жүректің, өкпенің және жүйке жүйесінің қызметіне әсер етпейді. Caliway Pharmaceuticals компаниясы CBL-514 дәрісін үш бағыт бойынша сынақтан өтеізуде: майды кетіру тиімділігін, Деркум ауруын емдеу (Dercum's disease), яғни, денеде ауру майлы ісіктерді жою алатынын және целлюлитпен қалай кұресетінін тексеріп көреді. Ең басты міндет – организмдегі артық майды кетіру. CBL-514 екі халықаралық клиникалық сынақтан өтті (2b фаза) - CBL-0204 және CBL-0205. Екінші зерттеуге тартылған пациенттердің 75% -ы бір инъекциядан кейін төрт апта өткен соң AFRS (Abdominal Fat Rating Scale) ресми шкаласы бойынша кем дегенде бір баллға абдоминалдық май деңгейін төмендетті. 75% -дан астамы бір немесе екі процедурадан кейін денедегі май көлемі азайған. Бұл бағыттағы нарықта қазіргі уақытта майды азайтуға арналған бір ғана дәрі кездеседі - ATX-101 (дезоксихол қышқылын инъекциялау - deoxycholic acid). Ол өте шағын аймақтарға қолайлы, алайда, асқынулар тудырады: тері некрозы, қабыну, жүйке талшықтарының зақымдануы. CBL-514 бұл қатерлерді еңсере алған, яғни, организмге кері әсері болмады. CBL-514 висцералды майға әсер етпейді, есесіне тері асты майын 25% -дан астамға азайтады. Бұл дәрі, әсіресе, орта жастағы адамдарда жүрек-қан тамыры ауруларының, инсульт пен созылмалы ауырсыну қаупін төмендетеді. 2023 жылы Америка құрама штаттарының азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA - U.S. Food and Drug Administration) CBL-514-ті зерттелетін дәрілер (IND - Investigational New Drug) санатына жатқызып мақұлдады. 2024 жылы семіздік індетімен кұресуде тиімді тәсіл ретінде қарастырылған бұл дәрі Деркум ауруын емдеуге арналған Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттіктен (EMA - European Medicines Agency) орфандық дәрі мәртебесіне ие болды. 2025 жылдың мамыр айында Caliway Pharmaceuticals компаниясы зерттеулердің соңғы кезеңіне рұқсат алды. Соңғы сынақтардың бірінші бөлігі АҚШ пен Канадада, екіншісі АҚШ, Канада мен Австралияда өтеді. Аталған компания тәжірибеге қатысуға тілек білдірген 300-ге жуық пациентті қабылдайды, ал тестілеу жұмыстары Солтүстік Америкадағы 30 клиникалық орталықты қамтиды. Егер сынақ барысында тиімділігін растаса, CBL-514 2026 жылы нарыққа шығарылады.

 

0 пікір
Мұрағат