Әлемде алғаш рет өсе алатын робот құрастырылды (видео)
Әлемде алғаш рет өсе алатын робот құрастырылды (видео)
11 ай бұрын 1018 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Роботты өз-өзін 3D-принтерде басып шығару технологиясы пайда болды. Яғни, қалаған кезінде, дәлірегі, қажет кезінде мұндай робот ұзара алады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Римдегі (Италия) технологиялық институттың инженерлері кіріктірілген 3D принтер арқылы өз денесін басып шығара алатын бірегей FiloBot жылан роботын жасады. FiloBot алдын ала бағдарламаланбаған, яғни, программа бойынша өспейді. Роботтың басында қоршаған ортаға әсер ететін және принтерді басқаратын процессорға сигналдар жіберетін сенсорлар бар. Робот өсетін өсімдікке ұқсайды, бұл ерекшелік оның ұзындығын кіріктірілген қосымша өндіру тетігі арқылы бейімдеуге көмектеседі. Ұзындықты өзгерту қажеттілігі сыртқы факторлармен, соның ішінде гравитациямен, жарық пен көлеңкеден туындайды. Ғалымдар мұндай роботтар адамдарға жетуі қиын жерлерде: альпинизмде, құтқару қызметтерінде, медицинада және құрылыста жұмыс істеуге көмектесе алады, деп есептейді. Мысалы, FiloBot-тың шағын нұсқалары хирургтарға күрделі операцияларды жасауға көмектесе алады немесе дәрігерлерге адам денесінің жетуі қиын жерлеріне тексеруге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат