|
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)
|
Бірегей технология сегізаяқтың қоршаған ортаның жағдайына қарай бейімделуінің таңғажайып қабілетімен байланысты пайда болды, дәлірегі, аталған теңіз жануары жыртқыштан құтылу,, жемін аулау, қозғалу, кедергіні еңсеру, т.б. кезіндегі қармауыштарының пішіні мен текстурасын, яғни, сыртқы түрінің бет-бедерін, жанасу кезінде көрер көзге біліне бермейтін кедір-бұдырын өзгерте алады. Бұл жайында islam.kz порталы businesswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Лондондық стартап жұмсақ робототехниканың жаңа платформасын іске қосты, ол физикалық интеллектіні күнделікті заттарға тікелей енгізуге мүмкіндік береді. Компания қоршаған ортаны сезінуге, ақпаратты өңдеуге және нақты уақытта өзінің қасиеттерін өзгертуге бейім, деформацияланатын (түрленетін) материалдарды пайдаланады.
Morph платформасын ойлап тапқан Жан Неме есімді бұрынғы хирург-реконструктор және хирургиялық жасанды зердемен айналысатын Digital Surgery компаниясының негізін қалаған. Оның тұжырымдамасы қатты роботтардан икемді, «тірі» жүйелерге көшуді ұйғарады.
Аталмыш компания арнайы модулдік блоктарды - «жұмсақ роботталған торларды» әзірледі. Олар икемді синтетикалық материалдардан жасалған және кіріктірілген датчиктер мен бейімделген басқару жүйесінен тұрады. Металл бөлшектері мен қатты қаңқасы бар әдеттегі роботтардан айырмашылығы - ондағы торлар адаммен тікелей байланыста болу үшін қауіпсіз және онымен табиғи өзара іс-қимыл жасай алады.
Жасушалар нақты уақытта пайдаланушының қозғалысына немесе сыртқы жағдайлардың өзгеруіне жауап ретінде пішіні мен қаттылығын өзгертуге қабілетті. Мұндай тәсіл «іске асырылған интеллект» идеясын - жасанды зерде тек компьютерде ғана емес, тікелей материалдық объектіде болғанда іске асырады. «Біздің платформамыздың арқасында біз табиғи қозғалыстарды қолдау үшін нақты уақыт режимінде бейімделетін жұмсақ роботталған торлары бар өнімдердің жаңа буынын жасай аламыз», - деп мәлімдеді дәрігер Жан Неме.
Morph платформасы осы торларды түрлі конфигурацияларда біріктіруге мүмкіндік береді. Олар адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты деректерді жинайды және жай ғана статикалық болып қалмай, пайдаланушыға белсенді түрде көмектесетін өнімдерді жасауға көмектеседі. Инженерлер материалдың өзіне тән ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кем-кетігін бағдарламалап, шынайы симуляциялар жасап, тез прототиптер жасай алады. Технологияны қайда қолдану жоспарлануда
Алдымен компания адам өмірінің сапасын жақсартуға назар аударады. Алғашқы өнімдер спорттық нәтижелерді арттыруға, жарақаттардың алдын алуға және ұтқырлықты қолдауға бағытталатын болады. Болашақта технология адамның жайлылығы, бейімделуі және қорғанысы маңызды салаларда, атап айтқанда, денсаулық сақтауда, аутокөлік өнеркәсібі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікте қолданылуы ықтимал. Соның ішінде, ақылды киім-кешек өндірісінде, медициналық құрылғыларда, т.б. қолданылады.