Акустикалық лазерлі зеңбірек (видео)
Акустикалық лазерлі зеңбірек (видео)
6 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың қорғаныс саласының ғалымдары ондаған шақырым қашықтықта құлақ тұндыратын жайтты тудыруға қабілетті акустикалық лазерлі зеңібрек прототипін жасады. Бұл жайында Defense One ақпарат көзі хабар таратты. Бұл ерекше құрылғыда екі түрлі лазер қолданылады: фемтосекундты және нанолазер. Біріншісі әуеде плазма шарын қалыптастыратын импульсты тудырады, ал екіншісі тар диапозонда сәулемен «ұрады». Нәтижесінде лазер бағытталған нүктеде көз қарықтыратын жарқыл мен құлақ тұндыратын қатты дыбыс пайда болады.  Аталмыш жоба авторларының айтуынша, тәжірибе барысында плазмалық шарды 30 шақырым қашықтықта пайда болған. Мамандар үш жыл ішінде адам даусын салатын осындай құрылғы ойлап табатындарына сенімді. Бұл құрылғы не үшін керек? Бұл заңсыз, яғни, рұқсат етілмеген шерулерді болдырмас үшін, яғни, шеруге шыққандарды тарату үшін таптырмайтын құрал.

0 пікір
Мұрағат