|
Әйелдердің қандай еркектерге сенетіні белгілі болды
|
Әйелдерге күлімсіреп тұрған еркек ұнап қана қоймайды, олар ондайларға сеніммен қарайды. Бұл туралы AmericaRU.com хабарлады деп жазады nur.kz порталы ras.kz cайтына сілтеме жасай отырып. Зерттеушілер еркекпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалыптастырғысы келетін әйелдердің олардың күлімсіреп тұратындарын тартымды деп бағалайтындарын анықтады. Әйелдер сондай-ақ жымиып жүретін ер кісілерге көбірек сенетіндерін де жеткізген. Бір қызығы, ұзақ уақытқа созылатын байланысты керек етпейтін қыз-келіншектер күлімдеген жігіттерді тартымды деп есептей қоймайтын болып шықты. Мұны анықтаған Осло университеті мен Сеншу университетінің психологтары сенімді болып көрінетін ер кісілердің жымиғыш болып келетіні олардың отбасында алған тәлім-тәрбиесімен байланысты деген байламға келіп отыр. Бірақ жеңілтек бойжеткендер үшін мәселенің бұл жағы оншалықты маңызды көрінбейді екен. «Күлімсіреу еркекпен қарым-қатынасты ұзақ уақытқа жоспарлауға негіз береді. Әйелдер өзі екіқабат болған және бала тәрбиелеп жүрген кездерде өз жұбын жоғалтып алу тәуекелін барынша аз болуы мақсатында сенімділік сияқты әлеуметтік факторға көбірек көңіл бөледі», – деп жазады «Evolutionary Psychology» журналы.
АҚШ ғалымдары әзілқой әйелдерге ер адамдардың көзқарасы қандай болатынын айтты
АҚШ-тың Канзас мемлекеттік зерттеу университеті мамандары әйелдерге ер адамдардың алдында тым әзілқой болмау керектігін ескертті. Олардың зерттеуі бойынша күлегеш, әзіл-қалжыңға әуес әйелдерге ер адамдардың басым бөлігі «жеңілтек» деп, бөтен пиғылмен қарайтыны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат «The Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып. Ғалымдардың эксперименті барысында, еріктілер Facebook әлеуметтік желісіндегі бейтаныс әйелдердің бейінін зерделеп, олардың мінез-құлқын бағалады. Зерттеу нәтижесі бойынша, мамандар әзілдей білетін ер адамдар әйелдерге көбірек ұнайтынын, ал әйелдердің әзілкеш болып көрінгісі келгені ер адамдардың ешбірінде жағымды пікір қалыптастырмағанын айтты.