Айдың ер мен әйелдің ұйқы ұзақтығына әсері әрқалай болып шықты
Айдың ер мен әйелдің ұйқы ұзақтығына әсері әрқалай болып шықты
3 жыл бұрын 1784 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швециядағы Уппсал университетінің ғалымдары 852 адамның ұйқысын қадағалап, зерделеген екен. Ғалымдар аталған тәжірибе барысында айдың, дәлірегі, айдың толуы мен кемуінің ұйқы ұзақтығына әсері барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Naked Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибеге 22-81 жас аралығындағы адамдар қатысқан. Олар бірнеше жыл қатарынан полисомнографиядан өткен. Бұл өз кезегінде ұйқының ұзақтығы мен сапасын анықтауға мүмкіндік берген. Ғалымдардың назарын ай мен ұйқы ұзақтығы арасында байланыс бары аударған және айдың адамды жынысына қарай ұйқысының ұзақтығына әсер ететініне көз жеткізген. Ай тола бастағанда ерлердің ұйқы сапасы 3,4%-ға төмендеген әрі бір түнде ояу уақыты орташа есеппен 20 минутқа артқан. Ал ай кеми бастаған кезде мұндай ауытқулар байқалмаған, керісінше әйелдер ай кеми бастаған кезде бір түнде орташа есеппен 12 минут артық ояу болған.

0 пікір
Мұрағат