Ағашты 10 есе тез өсірудің тәсілі табылды
Ағашты 10 есе тез өсірудің тәсілі табылды
4 жыл бұрын 9210 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік Томск политехникалық университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясындағы әріптестерімен бірге қылқан жапырақты ағаштарды табиғаттағы мерзіміне қарағанда он есе шапшаң өсуге мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Бұл жайында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары мәлім етті. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, тынбай ізденген ғалымдар шымтезек негізінде топырақ қоспасын және арнайы ультракүлгін шамды пайдалануды ұйғаратын тәсілді қолданған. Сондай-ақ, олар жарық түсірудің және суарудың өзгеше жүйесін қолданған еді. «Біз алтай көшетіне ұқсастық коэффициенті жоғары дәнді ультркүлгін эксишамымен өңдедік... оның талайға жететін оңды әсерін анықтадық. Содан соң ағашты арнайы шымтезек қоспасына отырғыздық. 22 күннен соң ол өсіп шықты. Әдетте табиғи ортасында бұған жарты жылдай уақыт кетеді»,- деп мәлімдеді аталмыш жоғарғы оқу орнының материалтану бөлімінің инженері Сергей Полисадов. Артынан белгілі болғандай, осындай тәсілмен 2 мыңға тарта ағашты өсіру жоспарланып отыр. Оны қыркүйек айында Кузбасс ботаника бағына апарып, орман-тоғайды қалпына келтіру бағдарламасына әзірлейді. Кейін осы технология негізінде жұмыс істейтін сити-фермалар ашылады. Олар соңғы жылдары климат өзгерісі мен жаһандық жылынудың кері әсеріне ұшырап, бірталай аумағы өрттен зардап шеккен Сібір орманы үшін 10 млн-ға дейін ағаш өсіруді қолға алады.

0 пікір
Мұрағат