Адамзатқа қауіпті ген табылды
Адамзатқа қауіпті ген табылды
3 жыл бұрын 2656 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Австралия университетінің ғалымдары адамға қауіпті Pseudomonas aeruginosa бактериясына антибиотикке төзімді ететін қасиет дарытатын геннің шығу тегін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Microbial Genomics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2006 жылы алғаш рет анықталған қатерлі ген иммунитеті әлсіреген, күйік шалған, ота жасалған (дәріге бой бермейтін микробтардың организмге енуіне жол ашатын) талай адамның түбіне жеткен еді. Осындай себеппен P. Aeruginosa бактериясы адамзатқа қауіп төндірген қатерлі патогендер тізіміне енгізілді. Бастапқыда Adelaide Imipenemase (AIM-1) гені тек Оңтүстік Австралияда ғана кездеседі деп топшыланған болатын, денсаулық сақтау мекемелерінен шыққан ағын сулар мен клиникалық үлгілерден табылған болатын. Алайда, соңғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ол күллі әлемде бар болып шықты – ол алдамен топырақ құрамында, даладағы суда, пайдаланылған ағын суда, тіпті, өсімдікте кездесетін зиянсыз микрорганизмдер ішінде болады. Кейін бұл ген Иран мен Мрак аумағындағы патогенді бактерияларға енген. Бұл зерттеу нені аңғартып отыр? Бактерияның антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын көптеген гендердің алдымен белгісіз организмдерде дамып, артынан қауіпті патогендерге берілетінін білдіреді.

0 пікір
Мұрағат