Адамзат бір үміт, бір күдікпен қараған жаңалық (видео)
|

Австралияда әлемде тұңғыш рет металдан жасалған, замымданбайтын жасанды жүрек салынған 40 жастағы пациент емханадан шықты. Оның кеудесінде адам жұдырығындай титанды сорғы жұмыс істеп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттегі дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сидней қаласындағы Әулие Винсент ауруханасының дәрігері Пол Янстың басшылығымен BiVACOR жасанды жүректі орнату бойынша ота жасалды. Титаннан жасалған ағзаның конструкциясында бір ғана жылжымалы бөлік пайдаланылады. Онда клапандар жоқ және механикалық тозуды болдырмауға мүмкіндік беретін контактісіз аспа жүйесі пайдаланылады. Осындай жүрек салынған адам ота жасалғаннан бері 100 күннен асып кетсе де өзін жақсы сезінеді. Бұл тарихи жетістік жүрек пен өкпе саласындағы инновация қоры үшін 2014 жылдан бері 41млн доллар жинаған әулие Винсент ауруханасына қарасты Карран қорының қолдауымен орын алды. Пациенттің аты-жөні құпия сақталуда. Дәрігерлердің айтуынша, жасанды жүрек уақытша, яғни, донор ағза пайда болғанша салынады немесе трансплантация (донор ағза) болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын балама ретінде қарастырылады.




