Адамның таз болуының негізгі бір себебі белгілі болды
|
Адамды таз қылатын процесс әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр, яғни, сыры толық ашылмаған дерт ретінде белгілі. Бұл бағытта ғалымдар жатпай-тұрмай ізденсе де нәтижесі мардымсыз. Бұл жайында islam.kz порталы Tokyo Medical and Dental University ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токионың медицина және стоматология университеті мен Токио жоғарғы оқу орнының ғалымдары таяуда бұл тарапта шаштың түсу тетігін табуға талпыныс асап көрген екен және олардың бұл талпынысы зая кетпеді, дәлірегі, жапон ғалымдары шаш фолликуласының (шаш фолликуласы - жасушалар мен дәнекер тіндері бар және шаштың түбірін қоршап тұратын шұлық тәрізді құрылым) діңгекті жасушаларының жаңа шаштың өсуіне және түсуіне қалай ықпал ететінін зерттеп көрмек. Бұл жасушалар тіршілігін сақтауы үшін жасуша бөлінуінің екі түрі (сииметриялық және ассиметриялық) ұштасуы тиіс. Біріншісінде – жасуша тағдыры бірдей екі түрлі жасушаға бөліну арқылы жүзеге ассады; екіншісінде – дифференцияланатын (салалану, тармақталу) жасуша және өздігінен жаңғыратын діңгекті жасуша түрінде көрініс таппақ. Діңгекті жасуша екі цикл синхрондалған жағдайда (яғни, бір мезетте әрекет еткенде) ғана тіршілік ету қабілетін сақтап қалады, олай болмаған жағдайда фолликулдер жойылмақ. Бұған көз жеткізу үшін кәрі және жас тышқандарға тәжірибе жүргізіп, тексеріп көреді. Нәтижесінде жас кеміргіштің жасушалары симметриялық және ассиметриялық бөліну процесі қалыпты жүрген, ал кәрісінде керісінше орын алған. Бұл процестің табиғатын жасушаны жасушадан тыс қоршап тұрған матрикспен біріктіруші функцияны атқаратын гемидесмос (жасушаларды байланыстырушы) ақуызын зерделегеннен кейін барып түсінді. Күншығыс елінің ғалымдары кәрі тышқанның ақуызындағы бөліну кезінде жасушаның аберранты түрінің қалыптасуына апарып соқтырған процесті анықтай алды. Шаш фолликулының жасушасы кәріліктен қаусап, организмнен жоғалады, ал фолликуланың өзі де біртіндеп жұқарып, түсіп қалады. Аталмыш зерттеу жетекшісі Хироюки Мацамура бұл зерттеу нәтижесі ағзалардың қартаю процесін және кәрілікпен байланысты ауруларды реттеуде тың тәсілді ойлап табуға көмектесетінін алға тартып отыр.