Адамның мінезі мен әрекетіне биоырғақтың әсері анықталды
Адамның мінезі мен әрекетіне биоырғақтың әсері анықталды
2 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лейден университетінің (Нидерланды) ғалымдары адамның мінез-құлқына әсер ететін биоритмдерді (биологиялық ырғақты) тапты. Бұл циклдар 7-ден 52 күнге дейін өзгеруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған npj Digital Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында 16 мен 80 жас аралығындағы 400-ге жуық субъектінің (тұлғаның) деректеріне талдау жасалған екен. Бұл бағыттағы арнайы жүргізілген тәжірибеге қатысушылардың телефондарына смартфондарды пайдалану туралы ақпаратты бақылау үшін арнайы қосымша орнатылды. Алынған ақпарат телефондармен әрекеттесу кезінде мінез-құлықтың үш түріне бөлінді. Олар экранды түртуге, түрту ұзақтығына және басқа параметрлерге негізделген. Нәтижесінде бірнеше күндік циклдар барлық адамда жынысына, жасына қарамастан жиі кездесетінін көрсетті: қарттар мен жастардан, сондай-ақ, әйелдер мен ерлерден де байқалған. Зерттеушілер әйелдерге ерекше назар аудараған екен, өйткені, әйелдер қоғамда және жұмыста жиі кемсітушілікке ұшырайды, өйткені, олардың еңбек өнімділігі етеккір цикліне байланысты нашарлайды, деген жаңсақ ұғым қалыптасқан. Бір қызығы, сарапшылар ерлердің мінез-құлқына әсер ететін 25-30 күндік цикл болатынына көз жеткізіп отыр. Мұндай қайталанатын заңдылықтардың пайда болу тетіктерін түкпірлеп түсіндіру мүмкін болмай тұр, десе де бұл құбылыстың қоршаған орта мен адамның өзінің танымдық дағдылары арасындағы күрделі қарым-қатынасқа байланысты әрқалай көрініс табуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар, екі адам бірдей циклге ие болуы мүмкін, алайда, олар өздерінің әдет-машықтарына, дүниетанымына қарай өзінше жауап қатады.

Ұқсас материалдар:

«Биологиялық сағатты басқаратын генетикалық мутция табылды. Биологиялық сағатты қосқыш жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagatty-basqaratyn-genetikalyq-muttsiya-tabyldy-biologiyalyq-sagatty-qosqysh-jasaldy-17712/#gsc.tab=0);

«Адамның биологиялық жасын анықтайтын «сағат» жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-biologiyalyq-jasyn-anyqtaityn-sagat-jasaldy-14914/#gsc.tab=0);

«Биологиялық сағатты ажыратып қосатын тетік жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagatty-ajyratyp-qosatyn-tetik-jasaldy-15391/#gsc.tab=0);

«Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagat-nelikten-adamdar-qartayady-14331/#gsc.tab=0);

«Бактериялардың да адамдардікі секілді «ішкі сағаты» бар болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-da-adamdardiki-sekildi-ishki-sagaty-bar-bolyp-shyqty-14655/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар «ауыр судың» көмегімен биологиялық сағатты баяулата алды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-auyr-sudyn-komegimen-biologiyalyq-sagatty-bayaulata-aldy-15343/#gsc.tab=0); 

"Адам гормоны жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-gormony-jyl-mezgilderine-qarai-ozgerip-otyrady-14861/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат