Адамның ауыз қуысынан беймәлім бактерия табылды. Ол барлық дерлік адамда кездеседі
Адамның ауыз қуысынан беймәлім бактерия табылды. Ол барлық дерлік адамда кездеседі
2 жыл бұрын 2370 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл жаратылыс сіздің тағамыңызбен және өзге бактериялармен қоректенеді. Бір тәуірі, ол адамға зиянсыз. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вена университеті ғалымдарының адам ауыз қуысынан тапқан бактерия құртқа ұқсайды. Бұл микроорганизм Conchiformibius steedae атауына ие болды. Ультракүлгін сәуледен аталмыш бактерия RGB-мониторы секілді жасыл, қызыл және көк түспен жарық шашады. Құрылымы жағынан тұқымдастарынан айтарлықтай айрықшаланады: өзге бактериялар таяқша тәрізді болса, ол құрт секілді орақ пішінде болады. Бұл бактерия әндіктер секілді қозғалады немесе жылжиды. Бұл тарапта ғалымдар тәжірибе жүргізіп, барлық таяқша тәрізді бактериялардың құрылымын өзгерту үшін оларға генетикалық өзгерістер енгізді. Нәтижесінде бірде-бір бактерия Conchiformibius құртының пішінін қайталай алмады. Ғалымдар мұндай бактерияның адамзаттың  көпшілігінде кездесетінін әрі зиян келтірмейтінін алға тартып отыр. Ауыз қуысының ылғалды ортасы бұл тіршілік иесі үшін ең қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Осыған ұқсас бактерияны иттер мен басқа сүтқоректілерден де табуға болады.

0 пікір
Мұрағат