Адамның артық ағзасы бар ма? Немесе кесіп тастау арқылы емдеп жазу қаншалықты тиімді?
Адамның артық ағзасы бар ма? Немесе кесіп тастау арқылы емдеп жазу қаншалықты тиімді?
10 жыл бұрын 7093

Осыдан бар-жоғы бір ғасырдай уақыт бұрын дәрігерлер адамды екі жүзге жуық «артық ағзасынан» арылтпақ болған еді. Кейін «ешқандай пайдасы жоқ артық ағзалар» саусақтың санына да жетпей қалған еді. Ал қазргі уақытта, дәрігерлердің айтуынша, адамның бойында бірде-бір артық ағза жоқ. Өйткені, әр ағзаның өз атқарар қызметі барына көз жеткізген. Керісінше, артық ағзаларынан құтылғандар кейін опық жеген.   

 

Соқыр ішек (аппендикс) 

Пішіні құртты көз алдыңа әкелетін соқыр ішек – артық ағзалардың бірінен және бірінен болғанда ең керексізі саналып келген еді. Осы уақытқа дейін. Ал бүгінгі таңда оның иммундық жүйеде маңызды рөл атқаратыны белгілі болды.  Ол микроағзалардан қорғап, ас қорыту жүйесін қалыпты жағдайда ұстайды. Ал соқыр ішегінен айырылған адамдарға қандай да бір  инфекция жұқтырған жағдайда ішек жолдарындағы микрофлорасын қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Сондай-ақ, соқыр ішегінен айырылған адамдар баспамен жиі ауыратын көрінеді.   

 

Бадамша без немесе көмекей безі 

Адам көмекей безінсіз өмір сүре алады. Бірақ, кейін белгілі болғандай, бұл ағзаның да иммундық жүйеде атқаратын рөлі жоғары болып шыққан. Әсіресе, балалық шақта. Көмекей безі адам жеті-сезіз жасқа келгенше өседі. Адам бұл жасында аурушаң болатындықтан көмекей безі көмекке келеді. Адам шыныққан сайын көмекей безі де кішірейеді. Тек 16-17 жасында жұрнағы қалуы мүмкін немесе біржола көзге көрінбейтін дәрежеде кішірейеді. 

 

Құйымшақ 

Белгілі «артық ағзалардың» бірі – құйымшақ. Бұрын ол адамның тепе-теңдігін сақтау үшін маңызды рөл атқарды деп саналып келген болатын. Бүгінгі таңда ол бұл «артық сүйектің» аса маңызды таяныш-тірек функциясын атқаратыны белгілі болып отыр. Осындай «артық ағзаларды» көптеп келтуріге болатын еді. Біз тек белгілі түрлерін келтірумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Қорыта айтқанда, адам онсыз өмір сүре алатын ағзалар бар болғанымен, пайдасы жоқ ағзалар болмайды. Алланың жаратуында мін жоқ. 

0 пікір
Мұрағат