Адамдар жерге қарыз болып қалды
Адамдар жерге қарыз болып қалды
10 жыл бұрын 4403

Адамзат жер ресурсын тауысты әрі үстіміздегі жылдың жеті айы мен 13 күнінде (тамыздың 12-нен бастап есептегенде) жер планетасына «қарыздар» болып қалды. Бұл мәлімдемені Global Footprint Network деп аталатын халықаралық жоба зерттеушілері жасады. Бұл жайында Тhe Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Жер планетасының ресурстарына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап адамзат ресурстарды алуына болатын, бірақ, олардың орнын толтыруға да мүмкіндік бар еді. Егер бұл нормадан асып кетсе, жер планетасына орны толмас зиян келер еді. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, адамзат жылдық лимитін тым жылдам құртып жатыр. Бұл арада зиянды қалдық, орман-тоғайды отау, балық аулау, т.б. өлшемдер қаперге алынған. Осылардың бәрін жер мүмкіндігімен салыстырады. Көмірқышқыл газын азайту, жануарларды қорғау, тал егу секілді әрекеттермен толықтыруға болатын еді жер ресурсын. Сарапшылардың айтуынша, адамзат ресурстарды 1,6 есе артық пайдаланады. Бұл өз кезегінде экологиялық жүйеге орасан зиян шектіреді. Енді бір 15 жылдан кейін бұл көрсеткіш екі есеге артады. Ғалымдар, сондай-ақ, адамзаттың артқа қайырылуға мүмкіндігі бар шектен өтіп кеткенін алға тартып отыр. Ол ол ма, жаһандық маңызы зор Амазонка орманына 40 жылдан кейін мүлдем жойылу қатері төніп тұр. Сонымен қатар, жануарлар әлемі алтыншы рет жаппай қырылу кезеңіне өткен. Ал бұл өз кезегінде адамзаттың жойылуын жақындататын фактор болып табылады. Жер ақысын өтей алдық па? 

0 пікір
Мұрағат