Адамда қосымша қан тамыры пайда болып келеді
Адамда қосымша қан тамыры пайда болып келеді
3 жыл бұрын 4016 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның Аделаида университетінің ғалымдары елді елең еткізер қызықты жаңалық ашты. Адамның білегіндегі орта тұстағы артерияның сақталуы ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр. Бұрын ол артық қан тамыры саналып келген еді, адамның ана құрсағындағы шарана кезінде семіп қалатын. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Anatomy мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ортаңғы артерия – жаратылу мақсаты, яғни, функциясы әлі белгісіз жұмбақ қан тамыры. Десе ғалымдардың пайымдауынша, ол қосымша элемент ретінде қызмет атқарады – қолда қан айналымын жақсарту үшін. Енді қалыптасып келе жатқан құрсақтағы шаранада ол сепі қалады, оның қызметін шынтақтағы қан тамыры атқарады. Десе де кей адамдарда ортаңғы артерия сақталып қалады. Бұл арада негізінен артеияның өзі емес, оның статистикасы еріксіз назар аудартады. 1980-ші жылдары дүниеге келгендердің 10 %-да бұл қан тамыры есейгенде де семіп қалмаған. Арада аттай бір ғасыр өткенде бұл көрсеткіш 30 %-ға жетті. Таяуда австралиялық ғалымдар бұл тарапта тағы бір мәрте зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде еуропалық нәсілді адамдардың ір үшіншісінде ортаңғы артерия сақталып қалған. Егер бұл тенденция сақталар болса, 2100 жылға қарай ортаңғы артерия барлық адамның бойынан табылатын болады.

0 пікір
Мұрағат