Адам ұрығының қалай дамитынын көрсететін теңдессіз фотолар
|
Фотограф Леннарт Нильсон адамның дүниеге келмей тұрып эмбрион кезінде қалай дамитынын көрсететін фотоларды назарға ұсынып, әлемге танымал болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы twizz.ru сайтына сілтеме жасап.
A Child is Born атты фотокітабын 1965 жылы жария еткен фотографтың туындысы бірден әлемге танымал жылтырақ журналдарда жарық көреді. Эмбрионның даму сатыларын цитоскоп атты медициналық құралмен түсірген. Қуық қалбыршағын тексеретін бұл құралға Нильсон камера мен жарық өткізгішті бекітіп, нәрестенің іште қалай дамитынын көрсететен мыңдаған фото түсірген.
Адам ұрығы жатыр түтігінде аналық жасушаға қарай бет алды
Аналық жасуша
Тағдырды шешетін кездесу
Ер адамның 200 млн ұрықтарының бірі ғана аналық жасушаның қабығын жара алды
Адам ұрығының қимадағы көрінісі. Барлық генетикалық ақпарат бас бөлігінде шоғырланған
Бір аптадан кейін ұрық фаллопий жатыр түтігімен төмен қарай сырғып, жатырға көшеді
Тағы бір аптадан кейін эмбрион жатырдың шырышты қабығына бекиді
Эмбрион дамуының 22 күні. Сұр зат уақыт өте бас миына айналады
18-ші күні ұрықтың жүрек соғысы пайда болады
Ұрықтанудан кейінгі 28-ші күн
5 апта, ұзындығы 9 мм, бет әлпеті біртіндеп қалыптаса бастайды, мұрын, көз бен ауыз орындары пайда болады
8 апта
10 апта. Көз қабағы жартылай ашық
16 апта
Жұқа терінің астынан қантамырлары көрініп тұр
18 апта. Ұрықтың сырттағы дыбыстарды ести бастайтын кезі
20 апта. Ұзындығы шамамен 20 см
36 апта. Бір айдан кейін нәресте дүниеге келеді
Леннарт Нильсон