Адам саулығының негізгі төрт көрсеткіші аталды
Адам саулығының негізгі төрт көрсеткіші аталды
4 жыл бұрын 3634 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Александр Мясников (фото-суретте - ред.) есімді ресейлік дәрігерді қазақстандықтардың дені жақсы біледі. Өйткені, еліміздегі орыс тілді және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында аты жиі аталатын танымал дәрігердің біліктілігі мен тәжірибесінің молдығына күмәнмен қарайтындар қарасы аз. Сонымен Александр Мясников не дейді? Ол адам денсаулығына мөлшерден асса аса қауіпті төрт көрсеткішті атады: Атап айтқанда:

-         Қан қысымы;

-         Қан құрамындағы холестерин деңгейі;

-         Қан құрамындағы қант деңгейі;

-         Белдің жуандығы. 

Ресейлік дәрігер, әсіресе, соңғысына – белдің көлеміне айрықша назар аударды. Оның айтуынша, ер адамның белінің жуандығы 102 сантиметрден аспауы тиіс, ал әйелдер үшін бұл көрсеткіш – 88 см. Бұл көрсеткіштерден асып кетсе, инфаркт, инсульт, обыр және сусамыр дерттерінің пайда болу қатері артып, ықтималдылығы жоғарылайды.

0 пікір
Мұрағат