Адам құлағы да ДНҚ немесе саусақ ізі секілді бір-бірін қайталамайтыны белгілі болды
Адам құлағы да ДНҚ немесе саусақ ізі секілді бір-бірін қайталамайтыны белгілі болды
1 жыл бұрын 1714 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамның құлағын саусақ ізі немесе ДНҚ орнына адамды анықтау үшін (индентификация) пайдалануға болады. Тіпті, егіздердің өзін құлақтарынан ажыратуға болады. Алты елден ұлты басқа 1400 адамның құлақтарының таспаға тартылған бейнесін  зерделеген австралиялық ғалымдар осындай тұжырым жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Адам құлағының сыртқы жағы, әсіресе, адамға тән - оның генетикалық шығу тегінің морфологиялық ерекшеліктері де, жүре келе пайда болған ерекше белгілері де бар, мысалы, спортшылардағы деформациялар (өзгерістер) алуға болады. Бұл жаңалық адам құлағын адамның бет-әлпетінен тану жүйесіне балама ретінде де қолдануға болатынын білдіреді», - деді бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Сухыр Бабу Балла. Сөз орайы келгенде құлақ пішінін бағалау тәсілі өткен ғасырдың 40-шы жылдары пайда болғанын айта кету керек. Ол «Камераның құлақты анықтау әдісі» деп аталады және құлақ қалқаны, сырғалығы, т.б. өлшемдерінің арақатынасын талдауға негізделген.

0 пікір
Мұрағат