Адам қанындағы липидтер деңгейін төмендетудің жолы табылды
Адам қанындағы липидтер деңгейін  төмендетудің жолы табылды
2 жыл бұрын 2263 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары бауыр ағзасындағы белгілі бір рецепторларын тежеу арқылы бауыр мен қан сарысуындағы липидтер (Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар – Уикипедия электронды энциклопедиядан) мөлшерін азайтуға болатынын анықтады. Осылайша жүрек-қан тамыр ауруларының қатерін төмендетуге болатынына көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада тек бауыр ағзасында ғана экспрессияланатын ASGR1 рецепторы турасында сөз болып отыр. Аталмыш рецептордың жүрек-қан тамыр ауруларының қатерін арттыратын холестериннің метаболизміне қалай әсер ететіні туралы дерек те аз. Ухан университетінің ғалымдары ASGR1 рецепторын тежеу өз кезегінде өттегі холестериннің cыртқа шығуына ақпал ететінін анықтаған екен. Бұл тараптағы зерттеу нәтижелеріне сүйенген ғалымдар бауырдан холестериннің мол мөлшерін шығару арқылы липидтер деңгейін айтарлықтай төмендете алатын анти-ASGR1 деп аталатын антиденені әзірледі.

0 пікір
Мұрағат