Адам қаншалықты ұзақ жасай алады? – зерттеу
Адам қаншалықты ұзақ жасай алады? – зерттеу
4 жыл бұрын 3114 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Биологтер қан анализі арқылы физиологиялық төзімділіктің жалпы деңгейінен хабар беретін организмнің динамикалық жағдайының көрсеткішін анықтауға мүмкіндік беретін тест жасап шығарды. Осының нәтижесінде ғалымдар адам ғұмырының максималды ғұмыр сүруіне ықпал ететін ықтимал мүмкіндігін анықтай алған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың тұжырымынша, организмнің динамикалық жағдайының көрсеткіші жас ұлғайған сайын төмендей бермек, ары кеткенде 120-15 жылда мейлінше минимум деңгейге жетеді. Яғни, адам осынша ұзақ жасай алады деген сөз. Адамның биологиялық жасын анықтау үшін мамандар арнайы биомаркерді – кәрілік предикторын пайдаланған, ол қарттыққа қарсы тиімді құралды әр адамның организімінің ерекшелігіне қарай таңдауға мүмкіндік береді. Сингапур, АҚШ және Ресей ғалымдары қан анализі бойынша биологиялық жасты анықтауға мүмкіндік беретін тың әдіс ойлап тапты. Олар биологиялық кәрілікті бағалау үшін әмбебап, кешенді көрсеткішті - DOSI (dynamic organism state indicator —организмнің динамикалық жағдайының индикаторын) пайдалануды ұсынып отыр. DOSI ауытқуы адамның жасы мен аурудың бар-жоғы, өмір салты секілді факторларды ескереді немесе қамтиды. Аталған технология негізінде жүргізілген зерттеу нәтижесінен анықталғандай, адамның жасы 120-150-ге келгенде оның организімі қалпына келу қабілетін жоғалтады. Осы орайда ғалымдар өздерінің бұл тәсілінің орташа өмір сүру ұзақтығының артып, максималды өмір жасының артпауына нендей факторлардың әсер ететінін анықтауға көмектесетінін алға тартып отыр. Адам организімі стрестен қартаяды. Стресс – шала ұйқыдан, яғни, ұйқының қанбауынан, тұмауратып қалу, ақ тер, көк тер болып жаттығу жасау, аптап ыстық күннің астында ұзағырақ жүріп қалу, т.б. қысқасы, организмнің қалыпты жағдайдан ауытқуынан орын алады. 

0 пікір
Мұрағат