Адам қай жастан бастап қайта қалпына келу қабілетінін айырылатыны анықталды
Адам қай жастан бастап қайта қалпына келу қабілетінін айырылатыны анықталды
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар адам организімінің қандай да бір аурудан немесе жарақаттан кейін қайта қалпына келу қабілетін жоғалтатын жасты анықтау үшін «нәзік индексін» әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үйеңкілер еліндегі Далхаузи университетінің ғалымдары бұл бағыттағы зерттеу барысында орташа жасы 67-ні құрайтын 13 мыңға тарта адамнң денсаулық көрсеткіштерін талдаудан өткізген екен. Ғалымдар өздері ойлап тапқан индексті көрсеткіш ретінде пайдаланып, адамның қартаю процесінің жаңа математикалық моделін құрды және дәрігерлер денсаулықтың екі негізгі саласындағы өзгерістерді - аурулар мен жарақаттарды және олардан кейін қалпына келу уақытын қадағалады. Нәтижесінде ғалымдар маңызды кезең - 73-76 жас екенін анықтады. Яғни, осы жастан бастап организмнің қалпына келу қабілеті жоғалады. Осы жастан бастап адамның өмірлік ресурстары таусылуға бет алады. Нәтижесі – ажал. Осы орайда 50 жастан кейін организмдегі тіндердің белсенді түрде қартая бастайтынын айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат