Адам миы секілді жұмыс істейтін чип энергияны 16 есе аз падаланады
Адам миы секілді жұмыс істейтін чип энергияны 16 есе аз падаланады
3 жыл бұрын 1921 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам миы сияқты жұмыс істейтін нейроморфтық есептеу аппаратурасы күрделі терең нейрондық желілерді (DNN) қолдауда маңызы зор. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Граца технологиялық университеті мен Intel ғалымдары нейроморфтық есептеу аппаратурасының күрделі терең нейрондық желілердің DNN-ін іске қосу үшін үлкен әлеуеті барын алға тартып отыр. Олардың пікірінше, нейроморфтық есептеуіш аппаратура қарапайым аппараттық құралдарға қарағанда терең нейрондық желілерді 4-16 есе тиімді басқара алады. Бұл тараптағы тәжірибе барысында ғалымдар Intel нейроморфтық есептеу чипінде жұмыс істейтін үлкен нейрондық желінің энергия тиімділігін бағалап көрді. DNN көптеген сандық және алфавиттік тізбектерді өңдеу үшін арнайы жасалған. Ғалымдар Intel нейроморфтық чипі мен стандартты компьютерлік чиптің қуат тұтынуы бірдей DNN іске қосылған кезде қалай өзгеретінін өлшеп, содан кейін олардың өнімділігін салыстырған еді. Ғалымдар компьютердегі нейрондар үлгілерінің мидағы нейрондарға ұқсағанда энергия тиімділігін арттыруға көмектесетінін анықтады. Келесі зерттеуде ғалымдар нейроморфтық аппаратураның бұрынғы тәжірибесіне негізделген жекелеген жадты дамытуға талпыныс жасап көрмек.

0 пікір
Мұрағат