Адам мен тіршілік иелеріне жанаспай-ақ, ауа арқылы олардың ДНҚ-сын анықтайтын технология пайда болды (видео)
Адам мен тіршілік иелеріне жанаспай-ақ, ауа арқылы олардың ДНҚ-сын анықтайтын технология пайда болды (видео)
4 жыл бұрын 3638 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Лондон қаласындағы Ханшайым Мария университетінің молекулярлы экологы Элизабет Клэр ауадан ДНҚ аулайтын технологияны сынақтан өткізгенін және оның нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, адам организімінен бөлінетін сілекей, терісінің «үгіндісі», т.б. түрлі фрагменттерден бөлініп шығатын макромолекулалар ауада қалықтап жүреді. Міне, осы макромолекуланы ауадан аулап, оның кімге немесе қандай тіршілік иесіне тиесілі екенін анықтайтын технология жасалды. Ғалымдар қолда бұрыннан бар сұйықтықтан ДНҚ-ны анықтауға арналған сүзгіні жетілдіре келе (газдың көп мөлшерін айдауға арналған аса қуатты сорғымен жабдықталған) аталған технологияға қол жеткізді. Бұл технология, әсіресе, тұйық кеңістіктегі ауадан ДНҚ-ны жақсы аулайды. Бұл бағытта ағылшын ғалымдары африкалық көртышқандарға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Болашақта бұл технология адамдардың метродан, қандай да бір ғимараттан іздеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат