Адам жүзін тас қараңғыда тану жүйесі жасалады
Адам жүзін тас қараңғыда тану жүйесі жасалады
5 жыл бұрын 3534 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ қарулы күштерінде келесі жылы адамның жүзін танудың озық жүйелері енгізіледі. One Zero ақпарат көзі хабарлағандай, үкімет базасындағы іздеуде жүрген қылмыскерлердің жүзін танудың жаңа тәсіліне қатысты мемлекеттік келісім-шартты тапты. Тәулік бойы «қас қақпай» қадағалайтын мұндай жүйе іздеуде жүрген қылмыскерлерді кез келген ауа райында, тіпті, 500 метр қашықтықтан арғы жағын көрсетпейтін қара әйнекті автокөліктен тауып алуға мүмкіндік береді. Мұндай жүйені инфрақызыл сенсорды жасауға маманданған Cyan Systems және үкімет контрактісі бойынша жұмыс істейтін, адам тану жүйесін жасайтын Polaris Sensor Technologies компаниялары жасайды. 2021 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс аталмыш жобаға 4 млн доллардан аса қаражат бөлінеді. Futurism ақпарат көзінің жазуынша, тас қараңғыда немесе бұлыңғыр ауа райында жау сарбазының көзін жоюға болады.

0 пікір
Мұрағат