Адам жасушасынан беймәлім құрамдас бөлік табылды
Адам жасушасынан беймәлім құрамдас бөлік табылды
1 ай бұрын 514 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жұмбақ құрылым көпіршіктерден тұрады және жасуша ішін ретке келтіретін «жүкші» қызметін атқарады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басынан бастасақ, молекула биологтері адам мен жануарлар жасушасынан бұрын беймәлім болып келген органелланы тапты. Оны «гемифусом» деп атаған (грекшедан аударғанда «жартылай араласқан немесе кіріккен мағына береді): ол мқлшері әр түрлі екі көпіршіктен тұрады, бір-бірімен тек ішінара байланысқан. Олардың мембраналарының арасында ортақ қабат түзілген. Ерекше құрылымды крио-электрондық томография арқылы табылған: жасушалар мұздатылған күйде «сканерленген». Бұл тараптағы зерттеуде адам жасушалары, маймылдар, егеуқұйрықтар мен тышқандардың жасушалары пайдаланылды. Жұмбақ гемифусомалар бәрінде кездескен. Ғалымдар бұл барлық жануарларға тән екенін алға тартып отыр және жалпы алғанда ядролары бар барлық тірі жасушаларға - эукариоттарға қажетті әмбебап органеллалар деген қорытындыға келді. Олар жасушаның шетінде байқалады және шын мәнінде өз қабырғалары - мембраналары бар барлық органеллалардың оннан бір бөлігін құрайды. Ғалымдар бұл құрылымдардың жасуша ішіндегі кеңістікте микроскопиялық «жүк көліктері» сияқты әрекет ететініне көз жеткізген: олар жолда кездесетін «иесіз» материалды жинайды, оны сұрыптайды, пайдалы заттарды өңдейді және қажетсіз заттарды кәдеге жаратады. Осылайша, олар организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін жасушаны реттейді. Бұл ретте олардың өз міндетін сапалы түрде орындаудың маңызы зор болып шықты - олардың жұмысындағы қателіктер мен ақаулар көптеген аурулардың пайда болуына және дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір гендердегі мутациялар жасушалық мембраналардағы ақуыздардың дұрыс қалыптаспауына алып келетіні белгілі және бұдан Германски-Пудлак синдромы деп аталатын туа бітетін сирек ауру пайда болады. Ол қанның ұюымен, тері пигментінің болмауымен (альбинизм), жасушалық иммунитеттің әлсіздігінен өкпенің ұзаққа созылған қабынуымен байланысты жиі қан кету түрінде көрініс табады. Осы орайда кейінгі жылдары кеңінен тарай бастаған Альцгеймер ауруы да жасуша ішіндегі материалдардың дұрыс сұрыпталмауынан және тасымалданбауынан пайда болатыны анықталып отырғанын айта кетпекпіз. Ғалымдар бұрын белгісіз болып келген мұндай жасушалық құрылымды табудың маңыздылығына тоқталды - түрлі патологиялардың зардаптарымен немесе салдарымен күресудің орнына олардың түпкі себебін жоюға үйрену үшін жасалған елеулі қадам екенін баса айтады.

 

0 пікір
Мұрағат