Адам ғұмырының ұзақтығына ақуыздардың қалай әсер ететіні анықталды
Адам ғұмырының ұзақтығына ақуыздардың қалай әсер ететіні анықталды
3 жыл бұрын 1958 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шотландиядағы Эдинбург университетінің ғалымдары адам ғұмырының ұзақтығы қан құрамындағы екі ақуызбен байланысты екенін анықтады. Бұл екі қосындыға бағытталған дәрі кәріліктің дамуын тежеуге көмектесуі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары адамның қартаю процесіне арналған аса ірі алты генетикалық зерттеу нәтижелерін сараптаған екен – 857 қосындының екеуі олардың назарын аударған: адамның түрлі жас көрсеткіштеріне айтарлықтай кері әсерін тигізетін болып шақты. Аталған ақуыздар деңгейінің жоғары болуына ықпал ететін ДНҚ тұқымында бар адамдардың әдетте өзгелерге қарағанда салыстырмалы түрде өмірі қысқа болады. Бұл екі ақуыздың бірі аполипопротеин (а) (LPA) деп аталады, ол бауырдан бөлінеді – қанның ұйуында маңызды рөл ойнайды. LPA ақуыз мөлшерінің көп болуы өз кезегінде атеросклероз (қан тамырларының майлы қосындылармен бітелуі) қаупін тудырады. Ал екінші ақуыз – тамыр жасушалары адгезиясының (лат. adhaesio — жабысу) молекуласы 1 (VCAM1) – эндотелия жасушаларының бетінде орналасқан - қан тамырларын «төсейтін» бір жасушалы қабат.

0 пікір
Мұрағат