Адам ғұмырын 10 жылға ұзартатын маңызды фактор анықталды
Адам ғұмырын 10 жылға ұзартатын маңызды фактор анықталды
3 жыл бұрын 1619 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам ғұмырын ұзартуға септігін тигізетін әдеттерге саламатты өмір салтын ұстану, соның ішінде жат әдеттерге үйір болмау, қимыл-қозғалыс, т.б. тәсілдер айтылып жүргенімен кейінгі зерттеулер бұл айтылғандардың елеулі әсері болмайтынын алға тартуда. Ғалымдар бұл тарапта тұқым қуалайтын ауытқулар мен аурулардың басты рөл ойнайтынын, шала ұйқының, қоршаған ортаның теріс әсерін, соның ішінде ауаның ластануын, стрестің, т.б. факторларды жатқызып жүр. Десе де ғалымдар адам ғұмырының ұзақтығын зерттеу барысында оның ғұмырын аттай 10 жылға ұзартатын маңызды факторды атады. Ол – білім. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон экономика мектебінің ғалымдары интеллектуалды тұрғыдан дамыған адамның білім-танымы төмен адамға қарағанда он жыл ұзақ өмір сүретінін алға тартып отыр. Вена университетінің ғалымдары бұл гипотезамен келісіп отыр. Білім тек ұзақ өмір сүруге септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар, қарттарға тән алжу секілді аурулардың алдын алады. Міне, осындай себеппен білім алуды денсаулықпен бір қатарда қараудың маңыздылығын алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Адамға ең пайдалы кітап аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamga-en-paidaly-kitap-ataldy-15734/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат