Адам доноры жануарлар ағзасында өсірілуі мүмкін
Адам доноры жануарлар ағзасында өсірілуі мүмкін
6 жыл бұрын 3508 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Токио университетінің профессоры Хиромицу Накаути адам ағзасын жануар организімінде өсіруге бағытталған зерттеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Нақтырақ әрі тартқатып айтқанда, профессор аталмыш мәселе бойынша зерттеу жұмысына рұқсат алу үшін ғалымыи зерттеу этикасы жөніндегі үкіметтік комитетке өтініш түсірген. Тиісті рұқсат алса, ол алдымен адамның ұйқы безін доңыз организмінде өсіріп көрмек. Жапондардың "Жижи" ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, профессор мұндай қадамға ел билігінің бұл саладағы зерттеуге салған тыйымның күшін наурыз айының 1-і күні жоятын болған соң барғалы отыр. Ғалымның бұл зерттеуі мен тәжірибесі өз кезегінде донорға мұқтаж науқастардың мәселесін шешуге көмектеспек. Ғылым бір орнында тұрмайды. Бұрынғы шектеулердің көбісі өз мәнін жойып жатыр. Бұл сөзімізге бұрын да талай хабарлағанымыздай, адам ДНК-сын редакциялаған қытай ғалымының әрекеті дәлел бола алады. Қатерлі ВИЧ инфекциясына төзімді ұрпақ әкелген әлемге әйгілі қытай ғалымы ғылыми зерттеу этикасын бұзғаны үшін қамауға алынғанын да жариялаған едік. 

0 пікір
Мұрағат