Адам ағзасының қажетті жеріне дәрі жеткізетін шағын робот жасалды
Адам ағзасының қажетті жеріне дәрі жеткізетін шағын робот жасалды
7 жыл бұрын 3008 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Неиіс ғалымдары адам ағзасының қажетті жеріне дәріні жеткізетін шағын робот жасап шығарды. Бұл ерекше құрылғы туралы жаңалықты Spiegel online ақпарат көзі таратты. Штутгарт қаласында орын тепкен Макс Планк қауымдастығының интеллектуалдық жүйе институтының зерттеушілері айтқандай, аталмыш мини құрылғы жылжып қана қоймай, секіре де, жүзе де алады. Бұл шағын роботтардың көлемі 4 милиметрден аспайды. Олар қағаз парағы секілді теп-тегіс, яғни, жұмыр келеді, эластикалық полимерден жасалған. Бұл робот өзге роботтарға қарағанда әлдеқайда икемді, жылдам. Бұған қоса, бұл құрылғы обьектінің орнын ауыстыруға, керекті жеріне жеткізуге бейім. Физикалық интеллекті бөлімінің директоры Метин Ситти оны ағзаға пациенттің жұтуымен немесе пациенттің терісінен сәл саңылаулап тілген тіліктен енгізуге болатынын жеткізді. Ғалымдар мұндай ерекше роботты медузаның, қаздың және қоңыз личинкаларының қимыл-қозғалысына қарап отырып жасаған. Сырттай басқаруға болады. Магнитті жолмен. Қажет кезінде оны адам ағзасының керекті жеріне бағыттай алуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат