Адам ағзасының бөлме ішіндегі ауаны тазарту қабілеті бар - зерттеу
Адам ағзасының бөлме ішіндегі ауаны тазарту қабілеті бар - зерттеу
2 жыл бұрын 1851 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам ағзасы «климаттық жағдай» рөлін атқарады. Ол өз айналасында ауадағы заттардың химиялық құрамына әсер ететін бірегей тотықтырғыш өрісті құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк атындағы химия институты жетекшілік еткен халықаралық ғалымдар тобы адам организімінің ғимарат ішінде ОН деп аталатын радикалдардан тұратын тотықтырғыш өрісті қалыптастырады. Ол қоршаған ауадағы химиялық заттардың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Ғалымдар тотығу өрісі ауадағы озонның теріміздегі майлармен әрекеттескенде (реакцияға түскенде) пайда болады, деп есептейді. Әсіресе, адам терісіндегі майдың шамамен 10 пайызын құрайтын және оның икемділігін сақтайтын қанықпаған тритерпенді скваленімен әрекеттескенде тотығу өрісі пайда болмақ. Осы әрекеттесу нәтижесінде ауаға қос байланысы бар газ тәріздес заттардың көп мөлшері бөлінеді, олар озонмен әрекеттескенде ОН радикалдарын түзу үшін ыдырайды. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибеге қатысушылар озон деңгейі шамалы көтерілген, алайда, адам денсаулығына қауіпті емес деңгейдегі бөлмеге отырғызып көреді - ғалымдар бұл гипотезаны адамдар келгенге дейін, дер уақытында және одан кейінгі ауа радикалдарының өзгеруін бақылау арқылы растады.

Адамдар үстелде отыратын әдеттегі бөлмедегі OH молекулаларының реактивтілігі (сол жақта) және концентрациясы (оң жақта). Кескін: UC Irvine

0 пікір
Мұрағат