Адам ағзасына асқабақтың пайдасы қандай?
Адам ағзасына асқабақтың пайдасы қандай?
9 жыл бұрын 19937 ҚазАқпарат Baq.kz

Асқабақ, көкөніс пе, жидек пе?

Өте қызық, асқабақ көкөніс қатарына жатпайды. Өйткені, қауын, қарбыз және асқабақ жидек саналады екен. Ал жидектің тағамдық құнары мол екені баршаға белгілі. Сонымен, асқабақ туралы не білеміз?

Таңдағанда салмағы 3-5 келіге жететін асқабақты алған жөн. Мұндай салмақ асқабақ үшін қалыпты саналады. Сонымен қатар, қабығы жұқа, ал ұлпасы қалың болады.

Оның үстіне, ұлпаның пайдасы өте зор әрі дәні де құнарлы. Асқабақты жиі пайдалану ішекқұрттардан құтылуға көмектеседі. Ер адамдардың денсаулығы үшін дәні де өте пайдалы. Простатит секілді ауруларды емдеу үшін де қолданылады.

Дәурмендер мен миркоэлементтер

Асқабақ дәнінің тағы қандай пайдасы бар? Асқабақ ұлпасында пайдалы дәрумендер мен микроэлеменеттердің көп мөлшері кездеседі. Мысалы, Е, В және РР дәрумендерін кез келген жеміс-жидектерден таба аласыз. Ал К және Т дәрумендерін кездестіру қиындау. К дәрумендер тобы қанның қоюланып қалмауын реттейді.

Әлем диетологтары артық салмақпен күресетін адамдарға асқабақ жеуді ұсынады. Арықтау үшін бұл жидек таптырмайтын құрал. Өйткені, асқабақта зат алмасуды жылдамдататын әрі ас қорытуды жақсартатын Т дәрумені бар. Сондықтан, асқабақты ет тағамдарына арналған ең үздік гарнир деуге толық негіз бар.

Асқабақ шырыны

Асқабақтан дайындалған шырынның пайдасы өте зор. Әсіресе, қан аздыққа қарсы керемет ем. Өйткені, шырын құрамында темірдің мөлшері өте көп. Сондай-ақ, асқабақ ұлпасында кальций мен калий өте көп. Каротин көлемі де асқабақта сәбізге қарағанда жоғары. Сол себепті, көзі нашар көретін адамдарға асқабақ шырынын ұсынуға болады.

Асқабақ шырыны бүйрек, бауыр және қуық қалбыршағы үшін ем. Бұл үшін асқабақты шикілей жеген дұрыс. Егер ол дәмсіз көрінсе, қайнатып алыңыз. Айта кету керек, асқабақ ұлпасында калий тұзы бар. Іш өтіп ауырғанда да асқабақ шырынын ішуге кеңес береді.

Балалар үшін

Емшектегі сәбилер үшін асқабақтан дәмді пюре дайындауға болады. Алқызыл түстегі заттар балалардың аллергиясын қоздырады деп ойлаудың қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес. Бұл жидек ешқашан аллергия шақырған емес. Сондықтан, емшектегі сәбилер үшін асқабақ пайдалы әрі дәмді тағам. Асқабақ құрамына жасұнық, А продәрумені және пектинді заттар енеді. Асқабақтан пюре жасап қана қоймай, шырынын берсеңіз де болады. Асқабақ шырыны сәбіз немесе алма шырынымен керемет үйлесім табады.

Балғын асқабақтан дайындалған ботқа емдік қасиеттерге бай. Сондықтан, тері ауруларына емдеуге көп пайдаланады.

Жатар алдында балмен араласқан бір стакан асқабақ шырынын ішсеңіз, ұйқыңыз тыныш болады. 

 

Артық салмақтан арылтатын қасиеті бар асқабақты қыста жиі пайдаланған жөн

Сан түрлі дертке шипа болатын асқабақтың елімізде 13 түрі өседі. Дәрігерлер күнделікті ас мәзіріне асқабақтан жасалған тағамдарды міндетті түрде енгізу қажеттігін айтады. Әсіресе, қыс айларында жиі тұтынған жөн. Себебі, ол ағзаға күш-қуат береді, деп хабарлады "Қазақстан" РТРК.

Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жолдары ауруларының алдын алуға да септігін тигізеді.

Егер, байқаусызда ыстық суға күйіп қалсаңыз, денеңізге бірден асқабақтың ұлпасын тартыңыз. Артық салмақтан арылып, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, асқабақ диетасын ұстауға болады. Ал, оның дәнегі жүйке жүйесін тыныштандырады. Дәнектің құрамындағы мырыш есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қызметін реттейді.

1 пікір
Мұрағат