40 жылғы созылған зерттеу: газдалған тәтті сусын қатерлі ісікке бастайды
40 жылғы созылған зерттеу: газдалған тәтті сусын қатерлі ісікке бастайды
2 жыл бұрын 2063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аттай 40 жылға созылған бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, газдалған сусынды күн сайын шектен тыс тұтыну тек семіздікке бастап қоймай, сонымен қатар, онкологиялық ауруға шалдықтыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар газдалған тәтті сусындардың денсаулыққа ешқандай пайдасы жоқ екенін жылдар бойы дәлелдеп, айтып келеді. Дегенмен, таяудағы зерттеу нәтижесі, тіпті, онсыз тұра алмайтындардың өзін осы танымал сусындарды ішуден бас тартуына итермелеуі мүмкін. Ғалымдар осыдан 40 жыл бұрын, дәлірегі, 1982 жылы онкологиялық дертке шалдықпаған 900 мыңға жуық адам қатысқан жаңа зерттеумен айналысты. 34 жылдан кейін, яғни, 2016 жылы мамандар зерттеуге қатысқандардан 150 мыңға жуық адамның қатерлі ісіктен қайтыс болғанын анықтады. Сарапшылар бұл бағыттағы тәжірибеге қаысушылардың тамақтану әдеттерін зерделей келе «қанттың адамды аталған ауруға шалдықтыруда негізгі фактор ретіне алға шығады» деген қорытындыға келді. Күн сайын газдалған тәтті сусындарды тұтынатын адамдар қатерлі ісік ауруының даму қаупін айтарлықтай арттырады. Бұл онкологиялық аурулардың барлық түрлеріне емес, семіздікпен байланысты адамдарға тән екенін айта кету керек. Газдалған тәтті сусыннан дене салмағының жоғары индексі (BMI) қатерлі ісіктің дамуымен тікелей байланысты. Бұл бағыттағы зерттеу тәулігіне кем дегенде екі порция тәтті сода тұтынатын адамдарда (0,33 мл банка = 1 порция) өлім-жітім деңгейі жоғары екенін көрсетті.

0 пікір
Мұрағат