3D нысандары акустикалық голограммалар арқылы басып шығарылды (видео)
3D нысандары акустикалық голограммалар арқылы басып шығарылды (видео)
2 жыл бұрын 1160 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Технологияның жұмыс істеу принципі. Кескін: Kai Melde et al., Science Advances

Ғалымдар акустикалық өрістерді пайдалана отырып, түрлі материалдардан және тірі жасушалардан үш өлшемді наноқұрылымдарды басып шығару технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк атындағы медициналық зерттеулер институтының және Гейдельберг университетінің инженерлері акустикалық толқындарды үш өлшемді құрылымдарға материалдарды жинау үшін қалай пайдалануға болатындығын көрсетті. Аталмыш әдіс қатты объектілерді, гидрогелді объектілерді және биологиялық жасушаларды басып шығару үшін жарамды. Әдеттегі 3D басып шығару нысандарды қабат-қабат жасайды. Бұл тәсіл салыстырмалы түрде көп уақытты қажет етеді және барлық нысандар мен материалдарға жарамайды. Инженерлер ультрадыбысты құрамдас бөліктерден күрделі 3D нысандарды бір «тескіште» құрастыру үшін пайдаланды. Бұл тарапта ғалымдар ультрадыбысты белгілі бір дыбыс өрісін кодтауға арналған 3D басып шығару пластинін – акустикалық голограм көмегімен басқарды (манипуляциялады). Бірнеше өрістерді берілген тәсілмен реттей отырып, суда еркін жүзетін бөлшектер мен жасушаларды аулап, оларды қажетті пішінге жинады. Бұл бағыттағы сынақ барысында зерттеушілер жиілігі 3,5 МГц және диаметрі 50 мм болатын үш түрлендіргішті пайдаланды. Берілген (белгіленген) ретпен орналасқан олар дайын затқа белгілі бір пішінді дарыту үшін материалға әр жағынан әрекет еткен еді. Инженерлер аталмыш әдістің түрлі материалдармен, соның ішінде шынымен немесе гидрогелді моншақтармен және биологиялық жасушалармен тиімді жұмыс істейтінін көрсетті. Ғалымдар бұл технологияны жасуша дақылдары мен ұлпаларын 3D басып шығарудың перспективалы платформасы, деп санайды. Ультрадыбыстың артықшылығы - ол биологиялық жасушаларға жұмсақ әсер етеді, оларды зақымдамайды және тіндерге терең енеді. 

 

0 пікір
Мұрағат