2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы
2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы
6 жыл бұрын 5300 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гарвард ғалымдары жариялаған баяндамада айтылғандай, жер планетасының барлық аумағы бойынша күн сәулесін сүзгіден өткізуге арналған ғаламдық бағдарлама  жылына екі млрд долларды қажет етеді. Бұл қаражат бұрынғы тәжірибелерге қарағанда әлдеқайда арзанға түсіп отыр. Ол үшін атмосферада күн сәулесін шағылыстыратын жасанды қабат түзу қажет. Егер жаһандық жылынудың адамзатқа қаншалықты қатер төндіріп тұрғанын білсеңіз, бұл қаржыдан да мол қаражатыңызды аямас едіңіз. Десе де ғалымдар бұл тәжірибенің - геоинженерлік шешімнің қаншалықты сәтті жүзеге асатынына кепілдік бере алмайды. Сол себепті, алғашқы тәірибе шағын ауқымда сыналып көрмек. Ол үшін ғалымдар қолдан бұлт жасап, оның күн сәулесін қалай шағылыстыратынын сынап көрмек. Бұл тәірибе келесі жылға жоспарланып отыр. Ғалымдар бұл мақсатта тиісті биіктікте шағылыстыруға ыңғайлы әрі жыл бойы жеңілдігіне қарай ауада қалықтап тұра алатын карбонат кальцидің 100 грамын стратосфералық зондқа орналастырмақ. 

УÑенÑе из ÐаÑваÑда

0 пікір
Мұрағат