1000 жыл өмір сүретін адам өмірге келді (фото+видео)
|
Ғылыми ортаға танымал британдық геронтолог, доктор Обри де Грей 1000 жыл өмір сүретін «миилениум адамның» өмірге келгенін жаһанға жария етті. Ол бұл мәлімдемесін тауда Лондон қаласында өткен Virtual Futures алқалы жиынында жасады. SENS зерттеу қорының құрылтайшыларының бірі де алдағы 20 жыл ішінде ғылым адам ағзасындағы жасына қарай қартаю процесін жоюға бағытталған терапияны жетілдіру тәсілін табатынына сенімді. «Қарттық – әлемде күн сайын 110 000 адамды баудай түсіретін кесел», - деп мәлімдеді ғалым.
Обри де Грей. © Financial Times
Геронтологтың сөзіне қарағанда, қартаюды тежеуге болады. Ғылым мен технологияның арқасында. Ол үшін, ғалымның айтуынша, әлемдегі барлық елдің лидерлері өзі көтерген бастамаға бірауыздан қолдау көрсетуі тиіс. Сол кезде ғана биологиялық қартаюды тежеп, өлімді жеңбесе де, қарттықты жеңуге қадам жасай алады. Ғалым осылай дей келе ең негізгі жеті проблеманы зерделеу арқылы қарттықпен күресетін халықаралық емхана желісін құруды ұсынды. Ғалым меңзеген жеті проблемаларға мыналарды жатқызған: тіндердің атрофиясы, обыр жасушасы, митохондриалды мутация, жасушадан тыс матрикстың күшеюі, жасушадан тыс жинақталып қалу, жасуша ішіндегі жинақталып қалу, жасуша өлімінің механизмі.
P.S. Бұл мүикін емес дерсіз, Ғалымның қиялынан туған сандыраққа балайтындардың бұл гипотезаның теориялық жағынан мүмкін екенін мойындайды. Нұһ пайғамбардың заманын еске түсірсеңіз болады. Бұрынғының адамдары, расында, ұзақ жасаған. Неге тек теория жүзінде ғана мүмкін екенін айта кетейік. Біріншіден, адамның қоршаған ортаға бейімделуі, яғни, табиғатқа тікелей тәуелділігі баяулап келеді. Ескеріңіз, бұл адамның ұзақ өмір сұруінің ең басты кепілі. Екіншіден, индустриялық, постиндустриялық қоғамда осына ұзақ жасау ақылға сыймайды. Ғалым тізген жеті факторға адамның өмір сүру мәдениетін өзгертуді де жатқызар едік. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті оқырман.