Юаннің құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
Юаннің құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
7 жыл бұрын 3202 qamshy.kz tengrinews.kz

Қытайдың белді экономистері жақын уақытта тіпті, жылдың аяғына дейін юань 10 пайызға құлдырайды деп болжап отыр. Бұл юаннің 1994 жылдан бергі рекордты құлдырауы болуы ықтимал. Юаннің девальвациясы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін қазақстандық сарапшылар айтып берді.

Ғалым Хұсаинов, BRB INVEST Бас директоры: «Қытайда сәйкессіздіктер көбейіп кетті. Оларды қалай да шешу керек. Өйткені, экспорт төмендеп барады. Ал жұмыс күші бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Мәселен, Қазақстандағы жұмыс күші Қытаймен салыстырғанда әлде қайда арзан. Жалғыз ғана жол: валютаны құнсыздандыру. Ол Қазақстанға тікелей әсер етпейді. Себебі, біз Қытаймен бәсекелес емеспіз. Керісінше, Қытайдан импортталатын тауарлар арзандайды».

Анна Бодрова, «Альпари» сарапшысы: «Юаннің девальвациясы Қазақстанның импорт бағасына 6-7 айдан кейін әсер етеді. Қытай тауары бірден арзандайды деп ойлаудың қажеті жоқ. Қытай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін ұмытпаған жөн». Бұдан бұрын юань АҚШ долларына қарағанда 4% арзандағаны хабарланған.

0 пікір
Мұрағат