Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
8 ай бұрын 1469 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Айрықша аксессуар ым-ишара тілін әзірге баяу аударады, бір әріптен. Сол себепті, бұл ерекше құрылғыны жетілдіре түседі. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Nekhil деген лақап атпен белгілі энтузиаст ым тілін сөйлемге аударатын (айналдыратын) смарт көзілдірік жасады. Болашақ гаджет мылқау адамдардың өмірін жеңілдете алады. Енді олар ым-ишара тілін түсінбейтіндермен де тілдесуіне көмектеседі. Көзілдіріктің жақтауы 3D технологиясы бойынша басып шығарылған. Аксессуардың ортасында пайдаланушының қолын түсіретін, яғни, таспаға тартып алатын камера бар. Иесі ымдау арқылы «тіл қатқанда» камера оның әрбір қимылын жазып алады және ақпаратты кірістірілген компьютерге жөнелтеді. Содан кейін кейбір AI үлгілері қимылды сөйлемге аударады, ал басқа AI алгоритмдері дауыс әрекетіне жауап береді. Идея авторы әзірге көзілдірік тек америкалық ым-ишара тілімен (ASL) ғана жұмыс істейтінін жеткізді. Смарт көзілдірік Raspberry Pi Zero 2 Вт микрокомпьютеріне негізделген. Дыбыс бір 3 Вт динамик арқылы шығарылады. Сондай-ақ, кірістірілген батареялар мен зарядтауға арналған USB порты бар, алайда, гаджеттіі қалай дербес жұмыс істейтін принципі құпия. Инженер көзілдірікті жасауға арналған барлық компоненттерді кез келген дерлік интернет-дүкеннен сатып алуға болатынын түсіндірді. Бөлшектердің тізімі және смарт гаджетті жобалауға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулармен Hackster порталында таныса аласыздар.

0 пікір
Мұрағат