Ядролық қару қатері: қарымта шабуыл болмаған күннің өзінде миллиондаған адам опат болмақ
Ядролық қару қатері: қарымта шабуыл болмаған күннің өзінде миллиондаған адам опат болмақ
6 жыл бұрын 6314 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мичиган университетінің ғалымдары АҚШ ядролық қаруды қолданған жағдайда оның салдары қандай болатынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, қарсы тарап қарымта қайтармаған күннің өзінде миллиондаған америкалық жер жастанады. Сарапшылар ядролық қару қолданылған жағдайда тек қарсы тараптың тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, күллі адамзатқа жойылу қаупі төнеді. Science Alert ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, ғаламдық ядролық қыс ешкімді тірі қалдырмайды. Ядролық қыс радиоактивті жауын-шашын түрінде көрініс табады. Бұдан бөлек, радиоактивті бұлт күн көзін көлегейлеп, қақтығысқа қатыспаған елдердің аспанын да бүркейді. Бұл өз кезегінде аштыққа ұрындырады. АҚШ 7 мың ядролық оқтұмсықты қолданса, шамамен 5 млн америкалық азамат аштан қатады. Ең "қауіпсіз" қолдану шегінің өзінен жүздеген адам опат болады. 

0 пікір
Мұрағат